Баланы дұрыс тәрбиелеу үшін алдымен өзіңмен жұмыс істеу керек дейді.
Бұл қағида командаға да қатысты✨
Мықты команданы тек ережелер мен бақылау арқылы құра алмайсыз. Ол әркімнің алдымен өз-өзімен жұмыс істеуінен қалыптасады✅
SauleMy (@novye.deti8.atyrau2 @novye.deti8.atyrau) орталығының педагогтері апта сайын қысқаша таныстырылымдар дайындап, тәжірибелерімен бөліседі, маңызды тақырыптарды талқылайды, сондай-ақ көпшілік алдында сөйлеу, талдау жасау және қорытынды шығару дағдыларын шыңдайды.
Өйткені, жақсы педагог ешқашан үйренуді тоқтатпайды💫